2.03.2018, 10:11
Қараулар: 15
«Қала тазалығына, рахмет!»

«Қала тазалығына, рахмет!»

Алғыс айту күні аясында Бөрлі аудан жастарынан біріккен еріктілер тобы қала тазалығықшыларына арнаулы шара ұйымдастырылды.

Бұл акция аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, сондай-ақ аудандық мешіт пен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр, көрікті қаламыздың ажарын арттырып, шырайын кіргізген, жан аянбай еңбек етушілерге қолдау көрсетіп, көңілдеріне демеу білдіру мақсатында қолға алынды.
«Жастар ресурстық орталығы, аудандық мешітпен бірлесе отыра қаламыздың көркеюіне, қаламыздың тазалығына атсалысып жүрген жандарға азғантай да болса алғысымызды жеткізу мақсатында жастардың атынан акция ұйымдастырып жатырмыз. Осы сәтті пайдаланып қолдау көрсеткен. аудандық ішкі саяат бөліміне және аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне алғысымзды білдіреміз.», — деді ресурстық орталық басшысы Толқын Ахметова.
Жылы-жылы лебіздерін айта жүріп, көмекке мұқтаж жандар болса, әрқашан көмек қолын созуға дайын екендіктерін де тілге тиек етті. Таңның атысы мен кештің батысын көшеде жүріп, еңбектері көп еленбей жүрген жандардың да ризашылығын алды. Бұл тілектерге ауданның бас имамы Мейрамбек Абдрахмановтың да қосары болды.
«Бұл акция әр уақытта жалғасын таба береді. Ең бастысы қаламыздыздың тазалығына көңіл бөліп жүргендерге «тазалық – иманның жартысы» екендігін айтып, мақтанып жүреміз. Тазалық иманның жартысы болғандықтан мұсылман тазалыққа қатты мән беруі керек. Сондықтан тазалық жөнінде қызметкерлерге де бір екі түсіндіру жұмыстарын да жүргіздік.», дейді Мейрамбек Ақылбекұлы.
Әсіресе, алты айлап қысқы ызғар мен қалың қар жауған аралықта қла тазалықшыларының қызметтері тіптен қиындай түседі.Аязды күнге қарамастан қала қонақтары мен тұрғындарының, қала берді көліктер қозғалысына қолайлық тудыру үшін ала таңнан жұмысқа кіріседі. Бел буып, күрек арқалап, қалтқысыз еңбек етеді. Міне, осындай еңбекқор топқа ұйымдастырушылар ыстық ас пен қою күрең шәймен сый жасады.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Қалдыру жауабы бар