20.03.2018, 15:22
Қараулар: 21
Қала су басу кезеңіне дайындық үстінде

Қала су басу кезеңіне дайындық үстінде

Ақсай қаласы аумағын қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүруде. Еріген судың жеке секторларға кіру қауіпі бар көшелер мен су басу қауіпі бар аймақтар қала әкімдігінің, жауапты мекемелер мен төтеншеліктердің жіті бақылауында.

Айталық қар шығару жұмыстарына 30 бірлік техника жұмылдырылса, тағы жиырма бірлік техника шығарылады. Қала әкімдігі мен ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне өңірдегі ірі кәсіпорындрда қажетті техника шығармақ. Өткен жылдарға салыстырғанда биыл Ақсайды қардан тазалау жұмыстары қарқынды. Бұл іске жауапты төрт мекеме жұмысты тианақты орнындап, автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдарын, арықтарды уақытылы аршуда. Мәселен шаһар шегіндегі шағынаудан Аралталға қар қалың түсіп, тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды. Өйткені төселген тас жол биік болғандықтан баспаналарға су кіру қауіпі бар. Сондықтан тұрғындар да коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қолдан келгенше көмек көрсетуде. Соңғы айды өзінде қалаға 2 айлық қардың мөлшері түсті. Әрі жердегі тоң қалың. Жыл сайын қала іргесіндегі Ақбұлақ ауылы маңындағы таудан Қызылтал шағынауданы арқылы Ақсайға су келеді. Қардың еріген суынан осыдан үш жыл бұрын қаланың оңтүстік бөлігіндегі біраз үй суға кеткен болатын. Бүгінде мұндай төтенше жағдайды болдырмау үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Биылдың өзінде қаладан 30 мың текше мертден аса қар шығарылды. Қала әкімдігі мен жастар ұйымдары жалғызбасты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың аулаларынан қар шығаруға көмектесуде.Ақсай қаласының аумағы төрт бөлікке бөлінген және әр қайсысында жауапты мекеме қызмет атқарады. Мұндай жауапты мекеме әр ауылдық округте де бар. Ауданның билік өкілдері мен аудан тұрғындары көптен күткен көктемді кез келген оқыс оқиғасыз қарсы алуға үміттенеді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар