20.06.2018, 10:08
Қараулар: 29
Қайырымдылық акция

Қайырымдылық акция

«20 қайырымды іс» жобасы аясында Бөрлі аудандық мемлекеттік қызметкерлері қайырымдылық акциясын ұйымдастрды.

Аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Қаналин бастаған топ алдымен І топ мүгедегі, Зульфия Омарғалиеваның үйіне барды. Аудан басшысының сәлемін жеткізген Жаңабай Нәбиұлы жүріп, тұру мүмкіндігі шектелген жанның жағдайымен кеңінен танысты. Артынша қос жанарынан айырылған Агис Жұмағалиеваның шаңырағында болды. Жаңабай Нәбиұлы қос кейуанаға да мемлекеттік қызметкерлер жинаған қаражатқа алынған азық-түлік пен отыз мыңға жуық қаражатты табыстады. Қос тұрғын да берілген көмекке аналық алғыстарын білдіріп, ел амандығын тіледі. Айта кетейікғ аталған шара «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдарына 20 жыл» және «23 маусым –Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай оздырылды.

Өз тілшіміз

Қалдыру жауабы бар