26.02.2018, 15:56
Қараулар: 14
«Шын жүректен алғыс айтамыз…»

«Шын жүректен алғыс айтамыз…»

Ұлттар достығының ұйытқысына айналған Бөрлі ауданында бүгінде 55 мыңнан аса халық тұратын болса, соның 30 пайызыдан асамы өзге ұлт өкілдері. Бөрлі жерін мекен етіп келе жатқан ұлттар мен ұлыстар қашаннан оны өздерінің ортақ отаны, құтты мекені жəне кемел келешегі деп біледі. Əлбетте, бұл тұтастықта, бұл бірлікте, бұл ынтымақтастықта қазақ халқының алатын орны мен сіңірген еңбегі орасан зор.

Жаппай қуғын-сүргін бұрынғы Кеңес Одағының бірде-бір халқын айналып өткен жоқ. Қазақстанға әр жылдары 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей отбасылары, 507 мың Солтүстік Кавказ халқы жер аударылды.Солардың арасында бөрлілік Валентин Юннің отбасы да бар. Ол отбасымен өз елінен қуғынға ұшыраған. Бір түннің ішінде бүтін бір ауылды ештене түсіндірместен пойызға тиеп, алып кетеді. Мал таситын вогондарда еңбектеген сәбиден, еңкейген кәріге дейін тиеп, бір ай жол жүреді. Жолдағы бірде бір станцияға тоқтамастан, Қарағанды қаласына әкеген.«Қарағандыға әкелгенде біздің ішер тамағымыз, жатар жеріміз болмағаны анық. Жергілікті тұрғындарды халық жауларын әкеле жатқандарын айтып, ешкімге көмектеспеуге бұйрық берген. Дегенмен олар алдымен қариялар мен сәбилерді тамақтандырып, үйлеріне кіргізіп жылытты. Тұрмыс тауқыметіне қарамастан қазақ халқы еріксіз жер аударылған бауырластарға жылы қабылдады. Біз сол жердегі мейірімді адамдардың арқасында барлығымыз аман қалдық.қазақтардың қонақжайлығының арқасында аман қалдық. Менің ол жылдары тек бір жаста болғанмын. Дегенмен мен сол зобалаң жылдардың куәгерімен. Осылайша бірінші жылы бірді жергілікті қазақтар шаңырақтарына кіргізді. Екінші жылы біртіндеп үй саып алдық. Мен Қазақстанда 38 жылдан бері тұрамын. Сондықтан менің Отамым қазақстан.Бұл тек менің пікірім емес, барша қазақ жеріндегі кәрістерді пікірі», — дейді Валентин Юн.
Елде зұлматты оқиға орын алып, халық қуғын-сүргінге ұшырап, қиын-қыстау күн кешкенде қазақтар құшағын ашып, қол ұшын созды. Өздері таршылық көрсе де қаншама ұлтты бауырына басты. Қолда бар көмегін аямады. «Қазақ жеріндегі корей халқының бейбітшілік заманда өмір сүріп келе жатқаны жергілікті халықтың арқасы» дейді, өз елінен алыстатылып, қазақ жерінен бақыт тапқан тағы бір бөрлілік Виталий Ан. Кәріс ұлтының өкілі бүгінде медицина саласында еңбек етеді. Отарлық саясат ерекше күшейген жылдары оның ата аналары балаларынан қапыда айырылып қалады. Содан Виталий Ан балалар үйіне орналасады. «Менің отбасым Қазақстанға 1969 жылы келген. Қарбалас кезде ата-анам балалар үйінен алып кетті. Оған дейін мен Қарақалпақ елінде болдым. Мен ең алдымен ата- анама алғыс айтқым келеді. Өйткені зобалаң жылдары мен олардан ажырап, балалар үйіне түстім. Атам мен ағамның арқасында отбасыммен қайта қауыштым. Сондан біз Солтүстік Қазақстан облысына келдік. Сол жерден мектепке барып, төрт жыл білім алдым.Мен тағдырыма ризамын. Қазақстан маған бәрін берді. Тамаша достарым бар, отбасым мен екі қызым бар. Мен ата анамның жолын жалғап, дәрігер болып, биік шыңдарға бағындырдым. Жетістікке жетіп, өз бизнесімді өркендетуге мүмкіндік алдым. Қазақ еліне алғысым ретінде қазақ баласын асырап алдым. Ол бүгінде жеке аурухананың ең білікті маманы. Мені Италия еліне жұмысқа шақырып, сол жақта біраз жыл жұмыс жасадым. Дегенмен менің ойымда қазақ елі үнемі тұрды. Сол себепті мен осында өз үйімен қайта келуді ұйғардым.Ал Ақсай қаласына жұмыс бабымен алдымен екі жұмаға келгенмін. Сосын мүлдем кеткім келмеді. Солай мен бұл шаһарда 18 жыл тұрып жатырмын. Бүгінгі күнге дейін мен он үш мыңға жуық адамды емдегенмін. Біздің ұлт бойып қалыптасып, өз тілімізбен дәстүрімізді сақтап, тарихымызды ұмытпауымызға қазақ елі зор үлес қосты. Сондықтан ұлы қазақ халқына біз мәңгілік қарыздармыз» — дейді Виталий Ан.
Бүгінде Бөрлі жерінде өз кәсібін ашып, қырық адамды жұмыспен қамтып отырған Шукурулло Насрединовтың да қазақ еліне шексіз алғыс айтады. Ұлты өзбек қырғыз елінде туылып, қазақ жерінде өркен жайған. Басынан өткен қай қиындыққа да жергілікті халықтың көмегі тиген. «Мен Қырғыстанда туған өзбекпін. Қырғыздар арасында өстім. Ерте жасымнан садамен айналыстым.Өз бизнесімді бастадым. Ресей еліне жұмыс бабымен жиі баратынмын. Бірде белгілі бір себептермен Орал қаласында пойыздан түсіп қалдым. Қолымдағы құжаттан айырылып, Орал шаһаранда 8 жыл өмір сүрдім. Үйсіз, күйсіз қалған мені қазақ отбасы далада қалдырған жоқ. Жатсынбай жегенін бөліп беріп, жат жерде жоғалып кетпеуімен көмектесті. Одан соң отбасын құрып Ақсай қаласына келдім. Көшіп келгенімен де 15 жыл толды. Осында еңбектеніп өз кәсібімді аштым. Қарамағымда қырық адам жұмыс жасайды. Олардың арасында қазақ, қырғыз, өзбек, орыс ұлтының өкілдері бар. Менің құжатым да жүрегім де Қазақстанға тиесілі. Мен осы елден ешқайда көшкім келмейді. Қазақстанға, Елбасына, барлық қазақ ұлтына рахмет айтамын. Әр адам менің адам болып қалыптасуыма зор көмек көрсетті» деп, Шукурулло сөзін аяқтады.
Бөрлі ауданында әзірбайжан, грузин, корей, орыс, украин, қазақ, финн-угор халқының этномәдени бірлестіктері жүйелі жұмыс жасайды. Береке мен бірлік, ынтымағы мен татулығы жарасқан жарқын мемлекетіміздің дамуына әрбір этномәдени орталық сүбелі үлес қосып келеді.Бір тудың астында бір үйдің бауырларындай күн кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің бірі – украин халқы. Атадан балаға жалғасып отырған салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарын, зерттеп қарасақ, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұқсастықтарын айқын байқаймыз. Бұған бірден-бір себеп ретінде жергілікті халықтың тұрғындармен етене сіңісіп, өз дәстүрін сақтай отырып, өзгенің мәдениетін бойына дарыта білгендігінде. «Біз өз салт дәстүрімізді ұмытпау мақсатында жас ұрпақпен жиі кездесіп, ұлттық дәстрімізді дәріптейміз. Біздің ауданда барлық ұлт өкілдерінің басын қосып, сүттей ұйытып отырған Достық үйі бар. Ол үй біздің екінші шаңырағымыз. Ол жерде біз тек өз ұлтымыздың ғана емес, барлық ұлт өкілдерінің тарихы мен, мәдениетімен танысамыз, өзге ұлттардың мерекелерінде бас қосып, достығымызды нығайтамыз», — дейді «Хуторок» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Алексей Ганненко.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар