17.01.2018, 15:53
Қараулар: 9
Төртінші өнеркәсіптік революция басталды

Төртінші өнеркәсіптік революция басталды

Аудан әкімі Алдияр Халелов мен сала басшылары қатысқан дөңгелек үстелде Елбасының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдауы талқыланып, келелі мәселелерді сабақталды.

— Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында тәуелсіз еліміздің бүгіні мен ертеңін саралап, атқарған істерді айқындап, ел дамуының барлық саласы бойынша нақты міндеттер жүктеді. Биылғы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында елбасы жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету үшін алдымызда жүзеге асыратын бағыттарды ( міндеттерді) жариялады, -деген ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Есмағұлова 10 міндетті баяндап берді. Мемлекеттік тілде баяндалған жолдауды аудандық маслихат хатшысы Әділхан Кулекешев ресми тілде жалғастырды. Жолдауда Елбасы әлеуметтік салаға ерекше тоқталып, төлемдердң нақты өсім көрсеткішін келтірген. Зейнетақы, атаулы адрестік көмектен бөлек мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрін алатын болады. Сондай-ақ сандық технология салдарынан босаған мамандарды оқыту жұмысы қолға алынады. Әр міндетке ерекше тоқталып өткен мемлекет басшысы өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бағытында біртұтас ұлт болуымыз керек екенін атап өтті.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Қалдыру жауабы бар