10.04.2018, 9:07
Қараулар: 18
Тіл шеберлерінің байқауы

Тіл шеберлерінің байқауы

Орал қаласында БҚО тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл шебері-2018» атты облыстық байқауы өткізілді.

Аталмыш байқауға талабын ұштап, үмітін үкілеп келген жастарға ақжарма тілегін ақтарып, тіл бәйгесінде мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шығуына ақ жол айтқан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгул Мынбаева сайыстың шымылдығын ашты. Айтулы білім мен біліктілік бәйгесіне мемлекеттік орталық атқарушы органдарда қызмет ететін 21-29 жас аралығындағы 13 үміткер қатысты.Байқау шартына сай қатысушылар «Тұсаукесер», «Ұлттаным», «Өнертаным» бөлімдері бойынша бақ сынады. Басты ұстаным — олардың үш тілді меңгеру деңгейі мен тілдік норманы сақтауы, орфоргафиялық және орфоэфиялық сауаттылықтарына көңіл аударылды. Соның ішінде мемлекеттік тілді жетік білуі қазылар алқасының назарында болды.Сайыста ұшқырлығымен, білімділігі, тапқырлығы арқылы көзге түсіп, қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан Бөрлі ауданы әкімшілігінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Әсемгүл Қалниязова бас жүлдені жеңіп алып, республикалық байқауға жолдама алды.

Бөрлі жаршысы

Қалдыру жауабы бар