9.01.2018, 15:42
Қараулар: 33
Толғандырған сұрақ көп

Толғандырған сұрақ көп

Парламент сенатының депутататры Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданы активімен кездесті. Еркін форматта өткен кездесуде сайлаушылар халық қалаулыларына толғандырған сұрақтар қойып, мардымды жауап алды.

Халық қалаулылырының сөзінше, Парламент мәжілісінде өткізілген отырыстарында жаңа және қолданыстағы заңдарды жетілдіру жолында 90 заң жобасы талқыланған. Және оның 22 сіне Елбасы қол қойған. Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заңдарды халыққа хабардар етіп отыру маңызды, деген депутаттар бүгінде парламенттің өкілеттілігі кеңейгенін айтты.
Жалпы, басқосуда елдегі экономикалық, саяси өзгерістері мен рухани сананы түбегейлі өзгерткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы айтылды. Одан өзге депутатар мемлкекеттік бағдарламалардың орындалуын, ел игілігі жасалған мардымды істерді саралады. Моноқаладағы өткен жылы атқарылған жарқын істерге оң бағаларын берді. Айталық ауданда өткен жылы 38 шақырым жол қалпына келтіріледі. Құрылысқа қаржы облыстық, аудандық бюджеттермен қатар жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын есебінен де бөлінді. Бөрлі ауданына қарасты Александров пен Бөрлі ауылдарына «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында су құбырын іске қосты. Өңірде екі балабақша пайдалануға берілсе, биыл тағы да екі балабақша бой көтермек. Қойнауы қазынаға толы Бөрлі ауданының дамуы үшін атқарылған жұмыстың барлығы елдегі тұрақтылықтың арқасында, деді депутатар. Сондықтан сенаторлар еліміздің дамуы үшін бірлесіп жасар жұмыс көп екендін ескертті.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар