12.10.2018, 18:37
Қараулар: 38
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Бүгін Бөрлі әкімдігінде әлеуметтік сала бойынша облыс әкімінің орынбасары Ғ. Оспанқұловтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде отырысы өтті.

Ғабидолла Абдоллаұлы өз сөзінде облыс әкімі А. Көлгіновтың сөзін жіткізіп отырғандығын айта келіп, мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелерді атап өтіп, олармен күресу баршамыздың міндетіміз екендігін, біз өзімізден бастап, жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындап, қызмет мәртебесін қызметтік емес мақсаттарда пайдаланбау, азаматтардың құқығы мен заңды мүддесіне нұқсан келтірмеу міндеттерін басты назарда ұстау қажеттігін және алда тұрған мақсаттарды шешу үшін біздің жұмысымызда бірлесе адал жұмыс істеу маңыздылығын айтты. Аталмыш жиында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Искаков Болат Әлмұханұлы мен ҚР МҚІжСЖҚІҚ Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Ақмырзаев Рустам Сапарбекұлы сөз алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар мен нақты фактілерді баян етті.Баяндамаларды тыңдай келе облыс әкімінің орынбасары жемқорлықтың біз¬дің қоғамдағы өршіп тұрған мә¬селе екенін қатаң еске салып, оны¬мен күресу үшін тиімді жүйелі жұмыстар жүргізуге тапсырма бер-ді.Жиынға қатысушылар тақырып аясында белсенділік көрсетіп, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Сәнім МЕҢДІБАЙ

Қалдыру жауабы бар