5.05.2018, 12:49
Қараулар: 14
«Сарбаздар -Отан айбыны!»

«Сарбаздар -Отан айбыны!»

Ақсайда Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған аталмыш салтанатты шара болып өтті.

Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне биыл 26 жыл толады. Ел қорғаны болар айбынды азаматтарымызды аудан әкімі Алдияр Халелов құттықтады. Осы жолда атқарып жатқан игі қызметі үшін және мемлекетіміздің тұғырын нығайтуға және халқымыздың игілігін арттыруға бағытталған адал еңбегі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.Олардың қатарында Ауғанстан соғысының мүгедектер-ардагерлерің Бөрлі аудандық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бектемиров Жетпісбай, Ауғанстан соғысының мүгедектер-ардагерлерің Бөрлі аудандық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орнбасры Марат Ерғалиев, Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің Бөрлі кенттік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ринат Мәліков, ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық қызметі «Ақсай» (автомобильдік) шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы Алханов Сұлтантар тағы басқалар бар.
Бұл күні Бөрлі ауданының мұсылмандар мешітіне 5 жыл бойы басшылық ете отырып, ауданымызда діни тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді сақтап, діндер мен мәдениеттер арасында сыйластық пен сенімділік қатынастарын нығайтудағы үлесі үшін Абдрахманов Мейрамбек жаңа қызметке тағайындалуына байланысты аудан әкімінің алғыс хаты тапсырылды.Салтанатты шара барысында Бөрлі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Ернар Абдрахманов сөз алып, Бөрлі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне көрсеткен ерекше қамқорлығы үшін Бөрлі ауданының әкімі А.Халеловты «Әскери комиссариатқа 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады. Сонымен қатар, бөлім басшысы жас ұрпақты, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуде сіңірген еңбегі үшін аудан әкімінің орынбасары Жанабай Каналин, Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы подполковник Дәурен Утегуловтерді «Әскери комиссариатқа 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталады.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар