16.03.2018, 10:32
Қараулар: 20
Салт-дәстүріміз қайта жаңғырмақ

Салт-дәстүріміз қайта жаңғырмақ

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Ақсай қаласында «Рухани қазына» фестивалі өтті.

Аталмыш фестиваль «Ел сыйлаған аналар, ақыл айтқан даналар»( қанатты сөздер шеруі), «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!», «Текті сөздің төресі – терме» (термешілер тартуы), «Ұрпағыма ұлағат» атты бөлімдерден құралды. Сонымен қатар 15 жылдық тарихы бар «Ақ жаулықты әжелер» халықтық ансамблі жанынан «Ақ босаға» келіндер клубы ашылды. Лента қию рәсімін демалу ортылығының директоры Аңсар Есіркепұлы мен мәдениет саласының ардагері Зәуреш Ғұбайдоллақызы жүргізді. Сондай-ақ ұйымдастырушылардың айтуы бойынша алдағы уақытта аудандық келіндер клубы құрылғаннан кейін ауылдық округтерде филиалл ашу жоспарда бар екен. Қазіргі таңда Пугачев ауылдық округында келіндер клубы жұмыс жасауда. Барлық ауылдық округтерде ашылғаннан кейін келіндер байқауы, әртүрлі фестивальдер өтетін болады. Келіндер клубының ашылуының басты мақсаты да – осы ұлағатты салт-дәстүрімізді жалғастыру, қазақ келіндерінің бейнесін дәріптеу, жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету. Клуб мүшелерінің құрамында 7 келін бар. Әрқайсысы – отбасының берекесі, құты, үйде де, түзде де үлгеріп жүретін заман ағымына ілесіп келе жатырған бір-бір шаңырақтың отанасы. Келіндер таныстырылымынан кейін термешілер тартуы жалғасын тапты. Әр ауылдық округтен келген термешілер өнерлерін ортаға салып, қазақтың қанатты сөздері мен тәлім-тәрбиесі тұнған әндер мен жырлардан паш етті. Одан соң «бабалар бұлағын ұғындырған» батагөй қария Есенқұл ата батасын беріп,аудандық демалу орталығы атынан сый-сияпаттар ұсынылды.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Қалдыру жауабы бар