12.09.2018, 10:45
Қараулар: 24
Отбасы – қоғам құндылығы

Отбасы – қоғам құндылығы

«Отбасы күні» мерекесіне Ақсайда «Отбасы – қоғам құндылығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

«Отбасы күні» мерекесін насихаттап, ұзақ жылдардан бері шаңырақтарын шаттыққа бөлеп отырған отбасыларды жас жанұяларға үлгі өнеге етуді мақсат еткен жиында алғанболып ауданымыздың құрметті азаматшасы, қоғамдық кеңестің төрайымы Бақытгүл Әлиқызы отбасы қоғамның басты құндылығы екенін, елдің тұтастығы отбасының ынтымағынан басталатындығын айта келіп, жылы лебізін жолдады. Шара барысында облыстық «Мерейлі отбасы» байқауында ауданымыздың намысын қорғаған Шамгоновтар, Султангалиевтар, Жакиповтар отбасыларына, сонымен қатар көпке үлгі болып жүрген, ұлықты ұл, қылықты қыз тәрбиелеп өсірген «Алтын той», «Күміс той» иелеріне гүл шоқтары ұсынылып, арнайы сыйлықтар берілді.
Жақсы кеште жанды жадыратар отбасының татулығы, отбасындағы әке мен ананың рөлі, қоғамдағы отбасының орны туралы татымды әңгімелер қозғалды. Әдемі кешті өнерпаздар әнмен әрлеп, күймен көмкерді.

Мейрамбек СЫДЫҚОВ

Қалдыру жауабы бар