15.06.2018, 15:25
Қараулар: 19
Мейрімділік мейрамы басталды

Мейрімділік мейрамы басталды

Бүгін аудан тұрғындары Ораза айт мейрамын тойлау үшін таңмен таласып, аудандық мешітке жиналды.

Бір-бірін құшақтаса көрісіп, айт мейрамымен құттықтаған ағайынның қарасы көп болды.
Ұлық мерекеде алдымен аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Қанат Жәкенов уағыз айтып, жұртшылық айт намазын оқыды.
Мейірімділік пен игіліктің, бірлік пен қайырымдылықтың мерекесі болған бұл күнде барша мүсылман үшін айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айының аяқталуымен, Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаған жамағат, ел тыныштығын тіледі.
Мешіттің асханасында көпшілік ақ дастарханнан дәм татты. Сонымен қатар мейрамға жиналғандар қой көтеру, асық атыу, гір тасын көтеріу сынды ұлттық жарыстардан бақтарын сынады. Ал ұлық мейрамды ерекшелендірген тамаша жаңалық облысқа танымал белгілі айтыскер ақындардың ауданымызға келуі болды. Ақ дастарған басына жиналғандарға айтыс өнерінің көрігін қыздырып, астарлы әзіл, мағыналы ой айтқан Талғат Мықи, Айнабек Бисенғалиев , Эльдар Ихсанов пен Мұрадым Мерлановтарға жұртшылықтың ықыласы ерекше болды.
Республикалық байқаулардың лауреаты, әнші-термеші Мирас Бақтығұлов та өнер көрсетіп, ел алғысын алды. Шарада бас имам Қанат Жәкенов отыз күн оразада жамағатқа қызмет етіп, ауызашарлар ұйымдастырған мешіт қызметкерлері мен ел ағаларына алғыс хат беріп, жасап жатқан игі істерге рахыметін айтты.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар