18.06.2018, 10:52
Қараулар: 25
Медициналық пункт ашылды

Медициналық пункт ашылды

Бөрлі ауданының Успен ауылында медициналық пункт ашылды. 360 халқы бар ауыл тұрғындары енді сапалы медициналық қызмет ала алады. Ғимарат қажетті заманауи құралдармен жабдықталып, жиһаздар жаңадан алынған.

Жарты ғасыр бұрын салынған ескі ғимарат заман талабына сай келмейтін. Әрі медициналық құралдардың жоқтығынан тұрғындар аудан орталығына жие келетін еді. Енді дертіне дауа іздеген тұрғындар қажетті көмегін ауылдан ала алады. Жаңа нысан тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Қант диабетіне шалдыққан тұрғындарды бақылауда ұстайтын аппаратпен де қамтылған. Соның арқасында емдеу ісі жеңілдей түспекші. Кең, жарық, жылы ғимаратты «KazConstructionGroup» ЖШС салып берді. Жұмысалған қаражат 53,5 миллион теңге.
Осындай ғимарат келер аптада Кеңтүбек ауылында да ашылады. Бұл аудан медицинасының жылдан жылға жақсы дамып келе жатқандығының айқын көрінісі. Жалпы, облыста он бес медициналық ғимарат күрделі жөндеу көріп жатса, тағы алтауына жөндеу жасалатын болады.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар