20.06.2018, 10:06
Қараулар: 22
«Көңілді сөре» көңілді өтті

«Көңілді сөре» көңілді өтті

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдарына 20 жыл» және мемлекеттік қызметшілердін мерекесіне орай «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» атты мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында көңілді сөре сайысы өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен жарысқа төрт команда қатысты. Топтың аты мен ұраны, жүгіру эстафетасы, үш аяқпен жүгіру, допты түсіріп алмау, секіртпен, футбол эстафетасы сынды турлардан өткен сайыс жанкүйерлердің қызығушылығын арттырып, тартысқа толы болды. Спартакияда қорытындысына сай, «Жеңіске деген жігері» үшін аталымымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы М.Арыстанованың отбасылық «Чемпион» командасы марапатталды. Ал үшінші орынға Кеңтүбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы А.Арыстанованың отбасылық «Достық» командасы тұрақтаса, екінші орын адандық білім беру бөлімінің бас маманы Ж.Өмірханованың отбасылық «Жалын» командаса жеңіп алды. Ал, отбасы бірлігі мен достығы ұйыған Қанай ауылдық округының әкімі Е. Бахиевтың отбасылық «Болашақ» командасы жанкүйерлерін қуантып, жарыс жеңімпаздары атанды.

Өз тілшіміз

Қалдыру жауабы бар