8.08.2018, 15:04
Қараулар: 23
Кәсіби мерекеге арналды

Кәсіби мерекеге арналды

Спорт күні мерекесіне орай Ақсайда еркін жүзуден жасөспірімдер, жастар, ерлер мен әйелдер және ардагерлер арасында аудандық турнир өтті.


Ауданда жүзу спорт түрін дамыту мақсатын тұтқан жарысқа барлығы 50 ге жуық қатысушы қатысты. Бұл жарысқа аудан төңірегіндегі ауыл жастары қатысып, өздерінің қызығушылытарын танытты. Сондай-ақ жасының үлкендігіне қарамай жастармен бірге жүлделі орынға таласқан 78 жастағы Жолсары Құсанұлы да І орынды қанжығасына байлады.

Қалған қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша жеңіс тұғырынан көрініп, ұйымдастырушылар атынан марапаттарға ие болды.

Аида ТЕМІР

Қалдыру жауабы бар