Ақсайда «Домбырам – асыл мұрам» атты ардагерлер арасында домбыра party болып өтті.
Елбасымыздың Рухани жаңғыру мақаласы шеңберінде ұйымдастырылған бұл шараға жастар ардагерлерді құрметтеп шақырған. Мұндағы басты мақсат – ұлттық құндылығымызды алдыңғы буын арқылы жастарға үлгі етіп насихаттау.
«Аптаның әр бейсенбісін осылай ардагерлерге арнап, әртүрлі ұлттық құндылығымызды жастарға насихаттайтын шаралар ұйымдастырып тұруды жөн көрдік» — дейді «Ақсай жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ә.Сарбупеева.Аталмыш шараға домбырасын арқалай келген 20 – ға жуық қария қатысты.
Байқау шымылдығын атақты Мұхит Мералыұлының шөбересі Асия Мұхитова анамыз Құрманғазының «Аман бол шешем, аман бол!» күйімен ашып, ары қарай қатысушы ардагерлеріміз төгілген ән – күймен жалғай түсті.
Қортындылай келе сарапшылар 1 орынға Бектұрғанов Әли Менжанұлын лайық деп таныса, 2,3 орындарды Қарағойшиева Сафия Нұрғалиқызы мен Сатаев Абылай Мерғалиұлына еншіліеп берді.
Сәнім МЕНДІБАЙ
Қалдыру жауабы бар
Пікірді жариялау үшін Жүйеге кіру қажет.