9.08.2018, 20:06
Қараулар: 22
Кеңтүбекте жаңа фельдшерлік пункт

Кеңтүбекте жаңа фельдшерлік пункт

Бөрлі ауданында жыл басынан бері  екі емдеу мекемесі ел игілігіне берілді. Екі нысан да заманауи құрылғылармен жабдықталған. Алғашқысы медицина күні қарсаңында Успен аулында ашылса, екіншісі үш жүзге тарта ауласы бар Кеңтүбек ауылында пайдалануға берілді.

Енді мыңнан аса халқы бар ауыл тұрғындары сапалы медициналық қызмет ала алады. Ғимарат қажетті заманауи құралдармен жабдықталып, жиһаздар жаңадан алынған. Бұған дейін дәрігерлер бұрынғы мектеп жаныдағы ескі балабақшадан босап қалған ғимаратта халыққа қызмет көрсетіп келген болаты. Ал енді жаңа емдеу мекемесіне ауылда бұрын сонды болмаған заманауи құрылғылар да қоса беріліп отыр. Соның арқасында мамандардың түрлі ауруларын дер кезінде анықтау мүмкіндігі артты. Дертіне дауа іздеген тұрғындар  қажетті көмегін  ауылдан ала алатындығына қуанышты.

Емдеу мекемесі соңғы үлгідегі медициналық құралдармен  жабдықталған. Ғимараттағы  диагностикалық бөліміндегі кабина қаладағы өзге емханалар әлі де қол жеткізе алмай келеді. Жаңа нысан тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Нысан күніне он бес  келушіге лайықталған. Медициналық  нысанда зертхана және  қант диабетіне шалдыққан  тұрғындарды бақылауда ұстайтын аппаратпен де қамтылған. Кең, жарық, жылы ғимаратты «KazConstructionGroup» ЖШС салып берді. Жұмысалған қаражат 53,5 миллион теңге. Фельдшерлік-акушерлік пунктте әзірге 3 маман —  фельдшер,акушер және мейірбике қызмет етеді. Мекемеге алдағы уақытта  белгіленген кесте бойынша аудан орталығынан әр түрлі бейіндегі дәрігерлер келіп қабылдау жүргізетін болады. Бөрлі ауданы жыл басынан бері электорнды жүйеге көшті. Пилоттық жоба халықтың жағдайын жақсартуға айтарлықтай үлес қосты. Ал келер жылы ауданға қарасты  Қанай, Александровка, Бумакөл, Приурал  ауылдарындағы емдеу нысандарына күрделі жөндеу жүргізіп, жаңа құралдармен жабдықтау жоспарланған шаруа.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар