22.09.2018, 1:37
Қараулар: 22
«Жылы жүрек – жомарт қол»

«Жылы жүрек – жомарт қол»

Ақсайда аталмыш ұранмен шара өтіп, аудан дамуына үлкес қосқан, қайырымдылықпен көпке үлгі болған жомарт жандарға құрмет көрсетілді.

Алдымен сөз алған Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиев Бөрлі ауданының тұңғыш әкімі Қайнолла Қасеновты мерейлі 60 жасымен құттықтап, қазақы дәстүрмен шапан кигізді.
Бөрлі ауданында ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл меценаты» номинациясы «Бәйтерек» компаниясының басшысы Айбек Омаровқа табысталды. Өйткені, еліне қарап азаматын таныған халықтың жомарт жүркеті ұлдары Ақсай мешітінің ауласына 40 млн.теңге қаражатқа асхана салып берді. Ауызбірлігі жарасқан ағайынды Омаровтардың ізгі істері көпшілікті тәнті етті.
Ал, «Туған өлке» аталымымен Ақсай қаласындағы «Наурыз» саябағын абаттандыруға белсенді қатысқан «Наурыз» қоғамдық қоры марапатталды.Қоғамдық қор осы жылдың наурыз айында құрылды. Құрамында ауданға белгілі кәсіпкерлер: Бақытжан Ғаделшиев, Ахмет Италиев, Бақытжан Мұратов, Бақтығали Базарбаев, Фирия Галиевалар бар. Қордың ұйымдастыруымен «Наурыз» саябағында жаз бойы біршама жұмыстар жүргізілді. Олар: безендірілген, түнгі уақытта жанып тұратын 21 перголдар орнатылды, 75 дана жарықтандыру шамдары мен 30 дана бейнебақылау қойылды. Зейнеткерлерге шахмат ойнайтын 4 стол орнатылды және жаңартылған 65 орындықтар мен қоқыс жәшігі қойылды.
«Жылдың әлеуметтік-жауапкершілігі мол кәсіпорыны» аталымымен кәсіпкер Қайрат Қапашев марапатталды.
Игілігі мол бағдарлама аясында жеке кәсіпкер Қ.Қапашев ауру балаларға тірек-қимыл жүйесін түзейтін құрылғыны тарту етті. Осылайша Бөрлі аудандық орталық ауруханасында осыдан екі жыл бұрын ашылған «Қайырлы үміт» оңалту орталығы 1,5 млн.теңге 8 жаңа үлгідегі вертикализатормен толықты. Игі шара кембағыл балалар мен олардың ата-аналарына зор үміт сыйлады. Аталған аппараттар балалардың қимыл қозғалысын оңалтып, қан айналым жүйесін жақсаруына сеп болмақ.
Жылдың әлеуметтік-жауапкершілігі мол кәсіпорыны» номинациясы «БатысӨндірісҚұрылысСервис» ЖШС бас директоры Нұрсұлтан Дарханов ие болды. Бұл кәсіпорын жыл басында ірі қайрымдылық шара өткізді. Нағыз қазақ домбыра білу керектегін ұстанымдағы Нурсултан Айтжанұлы, ұлттық өнерді құрметтеу және балаларды домбыраға үйрету мақсатында аудандық саз мектебіне 1 млн.теңгеге 50 дана домбыра сыйға тартты.
«Жыл қайырымдылығы» аталымымен Қарашығанақ балаларға қайырымдылық көрсету ұйымының жетекшісі Найджел Роберт Торнға табысталады. Бұл ұйым төрт жыл бойы қаражат жинап, биыл Ақсай қаласындағы №5 мектеп-интернаттын ауласына 10 млн.300 теңге тұратын үлгілі жаңа балалар-спорт алаңын салып берді.
Жомарт жүректі тағы бір бөрлілік кәсіпкер Виталий Ан ауданда тың жобаларды қолға алып, қайырымдылық істерімен көпке үлгі болып жүр. Кәсіпкер «Жомарт жүрек» жобасы аясында шаһардағы елу жылдық тарихы бар №2 орта мектеп ұжымына интерактивті тақта сыйлады. Құны 420 мың теңге болатын құрылғы инклюзивті оқыту сыныптарына берілді. Осыған орай шарада В.Ан «Жүректен жүрекке» аталымымен марапатталды. Ал, «Жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы» «Сұңқар Ақсай» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Ербол Мерғалиев) лайық деп танылса, «Жыл еріктісі» аталымымен Айнэлла Арманова марапатталды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, өз міндеттерін құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптерін ұстана отырып, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алып жолын кескен Еламан Жәрдемовке «Батыр жүрек» аталымы табысталды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар