15.02.2018, 15:20
Қараулар: 31
Ешкімде ұмытылмайды

Ешкімде ұмытылмайды

Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай Ақсай қаласында Ауған соғысында елі үшін аянбай тер төгіп, қаза болған жауынгерлердің ата-аналары,аудан басшылары, ардагерлер мен оқушылар интернацинал жауынгерлерге арналған ескерткіш тақтаға барып, гүл шоқтарын қойды.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Қаналин сөз алды. «Біз еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын интернационалдық борышын адал атқарғандығы деп құрмет тұтамыз. Өмірлерін құрбан етіп, ерлік үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлеріміздің есімін ұмытпақ емеспіз. Олардың ішінде ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті. Жастарды отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие берудің бір тармағы ауған соғысы ардагерлерімен өтіп жатыр. Сіздердің осы игілікті істеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт отбасының шаңырағын шайқалтқан қасіретті соғыс енді болмасын» — деген Жаңабай Нәбиұлы өңірде әскери патриоттық тәрбиеге бөлініп жатқын жұмыстарға да тоқталды. Соңдай-ақ, мәслихат хатшысы Аділхан Куликешев сөз сөйледі. «… Ауған жерінде қазақ та, орыс та, украин да оққа ұшып жатты. Сол елде жүрген жауынгерлер бір атаның баласындай болып, ұлт пен ұлысқа бөлінбей, майданның азабы мен ауыртпалығын бірге тартып, достық пен татулықтың не екендігін ұқты. Интернацоналдық бауырмалдық сол соғыста қалыптасты» — деген Әділхан Куликешев ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлер қоғамының төрағасы Жетпісбай Бектемиров аудан басшысының ұсынысымен депутаттар атынан «Бөрлі ауданының құрметті азаматы» атағымен марапатталғандығын тілге тиек етті.
Өз кезегінде ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлер қоғамының төрағасы Жетпісбай Бектемиров сөз алып, ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, ардагерлерді құрметтеп, жас буынды патриоттық тәрбие беруге атсалысып жүрген азаматтарға алғысын айтып,ауған соғысының ардагері Сергей Мищенко генерал майор В.Яценконың бұйрығымен «ӘДӘ негізін қалаушы десант Василий Маргелов атындағы» орденмен марапатталды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар