26.07.2018, 10:43
Қараулар: 14
Ескі құбырлар ауыстырылуда

Ескі құбырлар ауыстырылуда

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ақсай қаласындағы 4 және 5 ықшамаудандардың сыртқы жылу жүйелері мен ыстық сумен қамту желілері күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылады. Бұл өзгерістер жылудың баспаналарға дұрыс жетуіне ықпал етеді.

Қаланың қос ықшамауданындағы инженерлік желілердің жібі түзу жөндеу көрмегеніне отыз жылдан асқан. Әбден тозған құбырлар әсіресе қысты күні тұрғындарға қиындық тудырып келді.Желіні күрделі жөндеу өткен жылы басталды. Жоба бойынша былтыр басты магистрал ауыстырылып, қалғаны биыл жаңартылуда. Құрылысқа жауапты мердігер жүктелген жұмысты салқын түспей аяқтап, тапсыратынын айтады. Жылдар бойы жиналған таттан қалыңдап, бітелуге шақ қалған құбырлардың жылу өткізу қауқары да төмендеген. Жылу желісімен қатар жылу беру пункті ауыстырылып, ішкі құрал жабдықтар да жаңаланатын болады. Ыстық су сақтайтын қос резервуарлар қойылып, баспанаға кіретін элеваторға дейін жылумен қамту жүйелері жеткізіледі.
«Тұрғындар ауыз су тұтыну үшін біз жұмыстарды 4 шағынауданнан бастадық. Барлық жұмыстар уақытылы басталды. Ешқандай кедергі болмайды. 64 жұмысшымыздың басым көпшілігі жергілікті тұрғындар. Біз құрылыс саласында көп жылдар бойы еңбек етіп келеміз. Құбыр ауыстру жұмыстарында да тәжірибеміз мол.» деді, құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер, «Лидер» ЖШС директорының орынбасыр Федор Павкин.

«4 шағын ауданда жұмыс қарқынды жүргізілуде. Демонтаж жұмыстарның 90 пайызы орындалды. Жалпы осы шағынаудан жұмыстарын келесі айда аяқтауға тырысамыз. Тиісінше ыстық суда берілетін болады. Ал 5 шағынауднда демонтаж жұмыстары басталды. Келер айда монтаж жұмыстарын бастаймыз. Жалпы жұмыстың аяқталуы 15 қазанға, жылу беру маусымына дейін жоспарланған. Дегенмен оған дейін барлық жұмысты бітіреміз деп отырмыз. Аталған жұмыстар тек жай айында жасалатыны белгілі. Сондықтан тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамыз.» деді, «Ақсайжылуқуат» МКК бас директорының орынбасары Әнуар Мукеев.

Жоба құны — 576, 0 млн. теңге болатын нысанның жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайды. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін қазылған жол асфальтталып, алаңдар мен аулалар қайта абаттандырылады. Көгалдандыру жүргізіледі.
«Тозығы жеткен құбырлардан жеті жыл бойы азап шегіп келдік. Қысты күні үйлерге жылу дұрыс бармай, ыссы суданда қиындық көретін едік. .Енді міне, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бұл жұмыс іске асып, биылғы қыстан бастап, жылу мен ыссы су жүйелі берілетін болады деп қуанып отырмыз» дейді, қала тұрғыны Асқар Сұлтанов.
Тұрғындардың әлеуметтік ахуалын көтеруге бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы Бөрлі ауданында осылайша өз нәтижесін беруде.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар