3.08.2018, 9:16
Қараулар: 15
Ескі жолдар жөнделуде

Ескі жолдар жөнделуде

Елбасының жергілікті атқарушы органдар алдына қойған нақты тапсырмасы  — сапалы   жол салу.  Ауданымызда  бұл  бағытта жүйелі жұмыстар  жүзеге асуда. Жергілікті бюджеттен Ақсайдағы Ықсанов атындағы көше күрделі жөнделуде. Бөрлі ауылындағы Достық көшесі ҚПО компаниясының қаражатына тақтайдай тегістелді.

Жақын күндері қаражат толық игеріліп, жұмыс белгіленген мерізімде аяқталады. Автожолдармен бірге арықтар ауыстырылып, тратуарлар төселді. Көшеге жарық беретін бағандар да жаңартылды.

« Жұмыстың тоқсан пайызы аяқталды. Белгіленген мерізімде аяқтаймыз деп отырмыз. Қазір отыз жұмысшы мен он бес техника жұмыстануда. 2 272 метр жерге асфальт төседік. Екі жыл кепілдігіміз бар. Жұмыс уақытында басталып, дер кезінде аяқталуда. Бөрлі ауданында барлығы 804 шақырым жол болса, оның 72  шақырымы республикалық, қалғаны   облыстық және   аудандық маңызы бар жолдар. Жол азабын тартқан тұрғындардың шағымы ескеріліп, өткен жылы Ақсай Жымпиты жолының он бес шақырымы жөнделсе, биыл дәл осындай көлемде асфальт төселуде. Мүлдем жөндеу көрмеген  бұл  күре жол бойында  Ақбұлақ, Ақсу, Жаңақоныс және Александровка ауылдары  орналасқан. Күре жол жөнделгендіктен бұл ауылдарға кірер жолына қиыршық тас аралас құм қоспасы төселеді.

 

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар