16.07.2018, 17:40
Қараулар: 15
Депутаттар Бөрлі ауданында

Депутаттар Бөрлі ауданында

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Снежана Имашева мен Евгений Козлов Бөрлі ауданына болып, халықтың қамы үшін жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Салынып жатқан нысандарды бағамдап, «Конденсат» кәсіпорнынның жұмысымен көрді.

Ақсайдың солтүстік бөлігіндегі кішкентай бүлдіршіндері үшін бой көтерген бөбекжайдың салынуы, көптің арманы еді. Өңірдегі ірі кәсіпорын мен жергілікті биліктің бірлескен іс әрекеті, нәтижелі болып, бөбекжай жақын күндері пайдалануға беріледі. Жалпы ауданда 3-6 жас аралығындағы балалар жүз пайыз балабақшамен қамтылды. Дегенмен үш жасқа дейінгі 2 мыңнан астам бүлдіршін өз кезегін күтуде. Мектепке дейінгі жаңа мекеме 1 жастан 3 айдан енді асқан бүлдіршіндерді қабылдайды. Аталған нысан пайдалануға берілілсе өңірдегі бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мәселесі түбегейлі шешіледі.Қазірдің өзінде жаңа бөбекжайға ұл -қызын бергісі келетін ата-ана көп. 240 орынға салынған бөбекжайда қосымша 70 тен аса тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Бөбекжай соңғы үлгімен жабдықталып, мультимедиялық, интерактифтік тақталармен, баланың ой өрісін дамытатын ойыншықтармен қамтылады. Аталған нысанның салынуына бас аяғы 614 миллион теңге қаражат жұмысалыпты.Он бір топқа арналған нысан ерекше жобамен салынған.
Ғимаратты салынған мердігер нысанға екі жылдық кепілдік барын айтады. «Құрылысқа қажетті материалдар мен жиһаздардың барлығы Отандық өнім. Барлығы да сапалы салынған. Ғимататтың ішкі жұмыстары бітті. Енді көгалдандыру жұмыстарын аяқтауға қалдық.Жалпы нысанның салынуына 120 адам қатысса, соның 80 пайызы жергілікті жердің тұрғындары. Өткен жылдың тамызында құрылысы басталған нысанды уақытылы аяқтадық.» деді, «Наурыз» ЖШС директоры Азамат Ғұбайдуллин.
Балабақшаның құрылысымен, бөбекетерге жасалған жағдаймен танысқан халық қалаулылары, Бөрлі ауылында бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыстарын тексерді. Аталмыш нысандар ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі. Сауықтыру кешенінде бокс, ауыр атлетика, ойын залдары болады. Одан өзге бұқаралақ спортты дамыту үшін аудан әкімдігі кешен жанынан хоккей мен футбол алаңдары салынады деп жосапарлап отыр.
Жалпы, Бөрлі ауылының гүлденуіне көп жұмыс жасалды. 4200 халқы бар ауылға тек өткен жылдың өзінде 5 миллиард қаражат құйылды. Бұл осы ауыл тұрғындарының жақсы өмір сүруі үшін жасалыған жұмыс.Былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ауыз су кіргізілді. Ауылдық Мәдениет үйін күрделі жөндеу көрді. Бүгінде ауылдың басты көшесі тақтайдай тегістелуде.
Депутаттар өңірдегі ірі кәсіпорын «Конденсат» АҚ ның жұмысын көрді.
Құрамына дизель отынын компоненттерін гидротазарту қондырғысы кіретін «К5 экологиялық класты дизель отыны жобасы іске қосқан кәсіпорынның шикізатты сараптау жұмысындада артықшылық көп. Кеден одағының техникалық регламенттеріне және барлық мемлекеттік талаптарға сәйкес келетін зерітхана жұмысымен танысқан меймандар, зертхананің мүмкіншілігін бағамдады. экспорт және импорт шикізаты мен дайын өнімді тексеретін құрылғылар жапон,франсуз, ресей елдерінен әкелінген екен. 450-ден астам адам жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын еліміздің экономикасының дамуына зор үлес қосуда.
«Бөрлі ауданына жасаған сапарымыздан ел игілігіне атқарылған жұмыстардың нәтижелі екендігін көрдік. Мен және менің әріптестерім жылдан жылған экономикасы дамып, халықтың күнкөріс деңгейінің жақсарып келе жатқандығы қуантты. Мәселен осыдан бес жыл бұрын біз сайлаушылармен кездескенде ауыз су, көгілдір отын, жол, балабақша мен жұмыссыздық мәселесін өзекті еді. Бүгінде бұл мәселе түбегейлі шешілді. Жалпы тұрғындар бізден бүгінде денешынықтыру сауықтыру кешені, бассейн, мәдениет үйін салып беруді сұрайды. Бұл да еліміздің дамып, халық тұрмысының жақсарғандығы деп білеміз» деді, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Снежана Имашева. Халық қалалулылыры моноқаладағы өткен жылы атқарылған жарқын істерге оң бағаларын берді. Қойнауы қазынаға толы Бөрлі ауданының дамуы үшін атқарылған жұмыстың барлығы елдегі тұрақтылықтың арқасында, деді депутатар. Сондықтан мәжілісмендер еліміздің дамуы үшін бірлесіп жасар жұмыс көп екендін ескертті.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар