9.07.2018, 17:57
Қараулар: 20
Бөрлі ауданы – көшбасшы

Бөрлі ауданы – көшбасшы

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Бөрлі ауданында Батыс Қазақстан ауыл жасөспірімдерінің ІІ жазғы ойындары өтті.

Төрт күнге созылған ойынға облысымызға қарасты аудандардан кіл мықтылар табан тіреді. Волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, асықө ату, грек-рим күресі, дзюдо, таеквандо, гандбол спорт түрлерін қамтыған ойынның нәтижесінде, жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі І орын Бөрлі ауданының еншісінде қалды. Жүлделі ІІ орынға Ақжайық ауданы жайғасты, ал ІІІ орын Тасқала ауданынан келген спортшыларымызға бұйырды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған марапаттарға ие болды. Кешкілікте спорттық шараның жалғасы аудандық демалу орталығының көркемөнерпаздарының ұйымдастыруымен «Жайнай бер, Астана» атты мерекелік концертпен жалғасын тапты. Тұрғындарға рухани демалыс сыйлаған көркемөнерпаздардың мерекелік бағдарламасы кешкі 6-дан бастау алды. Аудан тұрғындарымен ойын ойнап көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жыл сайын елорданың туған күнінде аталып өтілетін мейрам биыл да ерекше болды.

Аида ТЕМІР

Қалдыру жауабы бар