4.08.2018, 19:06
Қараулар: 20
Бөрлі ауданына БҚО бойынша өкіл имам келді

Бөрлі ауданына БҚО бойынша өкіл имам келді

Ақшам намазы уақытында жамағатпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген Еркебұлан Ыбырайымұлы  «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мен алдын алудағы құқық қорғау органдарының рөлі» тақырыбында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті.

Одан соң аудан әкімі С.Әлиевтің қабылдауында болып, аудандық аурухана қызметкерлерімен жүздесіп, екпе алудан бас тартып жүргедермен сауалнама жүргізді. Сондай-ақ жаназа мен жерлеу рәсімдерінің бірізді реттілігінен бөлек, садақа дастархандырында ысырапшылдыққа жол бермеу сынды бірқатар өзекті мәселелердің алдын алып, түсінік беру мақсатында қоғам белсенділерімен, зиялы қауым өкілдерімен, ардагерлермен кездесті. Өзінің бір сөзінде: — Діни жоралғылардың  барлығын емес, әсіресе бүкіл халық болып атқаратын жоралғылар бар. Ол жаназа мен садақа. Осы екі мәселені біз,  сіз болып,  біз болып қолға алатын болсақ, адасып жүрген жастарымызға  үлгі болып, айтар сөзіміздің салмағы болады. Жаназа мәселесінде   қолымыздан келгенше шариғат талаптарына сай өткізетін болсақ, жастарға бағыт-бағдар беретін қауқарымыз болады. Жаназа рәсімін немесе садақаны шариғатқа сай өткендігін, көрген жастар міндетті түрде біздің сөзімізге құлақ асатын болады. Бүгінгі таңда имамдар жалдамалы тұлғаға айналып, діни рәсімнің өз тараптарымен өтуінің  маңызы жоғалып бара жатыр.  Сол үшін біз сіздерден қолдау сұраймыз! – деді Еркебұлан Ыбырайымұлы.

Сонымен қатар ислами жоралғыны шариғатқа сай атқарудың жөн-жосығы  жайлы жазылған «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітапты таныстырып, жиынға қатысушыларға таратып берді. Бас имамның айтуынша бұл кітап екі жыл қаралып, дайындалды. «Дәрет алып, жаназаға тұруды білейік және ас батасын жаттайық!»- деді өкіл имам.

Енді жиында айтылған ұсыныстардың негізінен нәтиже шығып, оны орындау халық тарапынан деп ойлаймыз. Сондықтан, дін өкілдерінің халық арасында түсіндіру  жұмысын жүргізуі де бекер емес.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Қалдыру жауабы бар