1.03.2018, 14:53
Қараулар: 13
Бейбітшілік салтанат құрған күн

Бейбітшілік салтанат құрған күн

Бөрлі ауданында алғыс айту күніне орай мерекелік шара болып өтті. Шарада аудан әкімі Алдияр Халелов сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.

«Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды» — дей келе бірнеше азаматқа алғыс хатпен марапаттады.
Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы №623 Жарлығы негізінде көп балалы ана Әшебекова Мінаура «Алтын алқа» ал көп балалы ана Айсағұлова Бакытгүл Серікқызы «Күміс алқа» алқасымен наградталады.
Алғыс айту күніне орай өңір дамуына демеушілік танып жүрген жеке кәсіпкерлер Айбек Омаров, Кайрат Капашев, Қасым Канафин, Татьяна Ищенко, Нұрсұлтан Дарханов, Виталий Ан, Абай Баймухановтар аудан әкімінің алғысымен марапатталды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2017» республикалық конкурсына қатысқаны үшін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» мен «Конденсат» АҚ компаниялары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің дипломымен марапатталады.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар