1.06.2018, 11:24
Қараулар: 16
«Бақытты балалық- жарқын болашақ кепілі»

«Бақытты балалық- жарқын болашақ кепілі»

Дәл осындай ұранмен балаларды қорғау күніне орай аз қамтылған, көп балалы, мүгедек және балалар үйінде тәрбиеленуші бүлдіршіндерге арналып, Ақсай қаласында өткізілді.

Аталмыш шара «Семицветик» қорының төрайымы Бақытгүл Алиева және аудандық мешіттін бас имамы Қанат Жакеновтардның демеушіліктерімен, орталықтардырылған кітапхана жұмысының жанынан ашылған мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторы, «Сұңқар-Ақсай» қоғамдық бірлестігі, «Мүгедектер» қоғамдық бірлестігі және «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» бірлесе ұйымдастырылды. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршіндеріміздің көңіл — күйлерін көтеру мақсатында, ЖРО жанынан құрылған «GOLD» ерікті жастарымыз әр-түрлі мультфильм кейіпкерлерін сомдап, балапандарымызға жан-жақты бағыттағы ойындар ойнату арқылы шаттықа бөлендіріп, биші мен әнші қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салып, бүлдіршіндерімізге сыйлықтар таратылды.
Сонында, «Сұңқар-Ақсай» қоғамдық бірлестігі, «Мүгедектер» қоғамдық бірлестігі және ОКЖ жанынан ашылған мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторы тарапынан мерекелік дастархан жайылып, шара сонында қолдау көрсетіп, белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

А.Мынбаева

Қалдыру жауабы бар