18.09.2018, 15:04
Қараулар: 22
Ақсайда самбодан чемпионат өтті

Ақсайда самбодан чемпионат өтті

Ақсай қаласында самбо күресiнен 2002-2003 ж.т жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ҚР чемпионаты оздырылды.

Бұл чемпионатқа 14 облыстан келген 316 спортшы қатысты. Жарыста халықаралық дәрежедегі бас төреші Е.Төлеген (Атырау облысы) төрелік етті.

Ашылу салтанатында алғаш сөз алған Бөрлi ауданының әкімі Санжар Әлиев қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауданның намысын қорғап жүрген самбошылар Е. Байбатыров пен Т. Көлбайды аудан атынан бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Төрт күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар арасында 84 жоғары келі салмақ дәрежесінде ақсайлық Замир Хамзин (жаттықтырушылары: Қ. Шарипов, Қ. Қаженов), қыздар арасында 70 келі салмақ дәрежесінде Риза Сүлейменова (жаттықтырушысы Қ. Қаженов) чемпионаттың жеңімпазы атанды. Аталған спортшылар Бөрлі аудандық балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.

Сәнім Меңдібай

Қалдыру жауабы бар