1.03.2018, 14:37
Қараулар: 23
АҚСАЙДА ЖАҢА БАСШЫ

АҚСАЙДА ЖАҢА БАСШЫ

Ақсай қаласына жаңа әкім тағайындау мақсатында халық қалаулылары сайлауға жиналып, өз таңдауларын жасады.

Бұдан бұрын Бөрлі аудандық мәслихат депутаттары Ақсай қаласы әкімін сайлау мақсатында кандидаттар Амангелді Тоғызбаев, Наталья Хайранбаева мен Замир Мырзағалиевтармен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен танысқан болатын.
Үміткерлер ұсыныған бағдарламаларды тыңдай келе халық қалаулы бүгін қайта кездесіп, өз таңдауларын жасады. Өңірдегі 13 депутаттардың 12-сі қатысқан бүгінгі сайлаудың қорытындысында халық қалаулыларының 75 пайызы кандидат Амангелді Тоғызбаевқа, ал 17 пайызы кандидат Наталья Хайранбаеваға, 8 пайызы Замир Мырзағалиевке өз дауыстарын берді.
Жасырын дауыс арқылы өткен сайлауда депутаттардың басым бөлігіні таңдауына ие болған Амангелді Тоғызбаев Ақсай қаласы әкімі болып сайланды.
Амангелді Тоғызбаев 1964 жылы 21 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федровка ауылында келген. Әр салада асшылық қызмететкен Амангелді Кәрімұлы Теректі аудандық мәслихатының экономика бөліміне жетекшілік етті. 2007- 2014 жылдары аралығында Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. 2014 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытка дейінгі мерізімде Зеленов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар