29.05.2018, 10:03
Қараулар: 27
«Ауыл мектебін қолдайық!»

«Ауыл мектебін қолдайық!»

Орал қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылғанына 10 жыл толуына орай аталмыш акция ұйымдастырды.

Акция барсында ауданымыздағы жалпы білім беретін Григорьев орта мектебіне Орал қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев Зиятреклік мектебі мен Орал қалалық педагогикалық шеберлік орталығының елуден аса ұстаздары мен оқушылары келді. Аталған акция еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектептерінің әр аймақтағы бір ауыл мектебіне материалдық және әдістемелік қолдау, көмек көрсетумен ерекшеленді.Акция аясында Григорьев орта мектебіне «Буккросинг» барысында жиналған 301 кітап, «Оқу. Іздену. Талаптану» ақпараттық тақтасы мектеп гүлзарын жасақтау үшін 100 дана бөлме гүлі, Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары жасап, дайындаған 3D принтер, 15 дана спорттық доп табысталды. Сонымен қатар мектеп педагогтары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері жаңартылған білім беру мазмұны бойынша кеңестер беріп, әдістемелік шеберлік сағаттарын өткізді, кітапханашылар кітап оқуды насихаттауға арналған интерактивті әдістерді ұсынды.
Шара қос мектептің оқушыларының күшімен дайындалған концетке ұласты. Айта кету керек, аталған акцияға «Казцинк» ЖШС, Ұлттық құндылықтарды дамыту «Абырой» жеке қоры және Б. Жексенбай, Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президентінің кітапханасы, «Деловой мир Астана» баспасы демеушілік жасап, оқу әдістемелік құралдар, көркем әдебиеттер мен спорттық доптар сыйға тартты.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар