1.06.2018, 11:20
Қараулар: 19
Ауызашар – сауабы мол амал

Ауызашар – сауабы мол амал

Ақсайда бас мүфти Серікбай Қажы Сатыбалдыұлының атынан өңіріміздің қадірлі ата-апалары, ардагерлер, БАҚ өкілдері қатарлы әртүрлі сала өкілдерін қатыстырып, 100 ден астам адамға ауызашар дастарханы жайылды.

Дәстүрлі шара аясында бірқатар ата-әжелеріміз сөз алып, діни басқарма тарапынан, мешіт тарапынан атқарлып жатырған жұмыстарға оң баға беріп, риза екендіктерін айтып өтті. Сондай-ақ бас имам Қанат Жәкенов бас мүфти Серікбай Қажы Сатыбалдыұлының атынан құттықтауын жеткізіп, қасиетті Рамазан айы туралы әңгімелеп берді.
— Қасиетті Рамазан айында мешітіміздің асханасында 30 күнге ауызашар берілуде. Соған орай бас мүфти атынан дастархан жайылып отыр. Пайғамбарымыздың хадисі бар: «Кімде-кім ораза ұстаған адамға ауыз аштыратын болса, Алла тағала сол кісіге ораза ұстаған жанның сауабындай сауап береді екен». Сол себепті қасиеттті айда ауыашардың сауабын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында, асханамыздың жүйеге іске қосылғаны жайында, дәстүрлі дінімізді насихаттай отыру мақсатында да дастархан жайылып отыр, — дейді бас имам.
Ауызашарға қатысқан жамағат мүфти хазреттің атынан шынайы ризашылықтарын білдірді. Оған жауапты да абыройлы қызметінде табыс, дініне саулық тіледі.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Қалдыру жауабы бар