16.01.2018, 9:14
Қараулар: 18
Атқарылған іске — оң баға

Атқарылған іске — оң баға

Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов жұмыс сапарымен Бөрлі ауданына келді.

Әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмыс барысымен танысқан Ғабидолла Абдоллаұлы Аралтал шағынауданында бой көтерген 300 орындық мектептің құрылысымен, оқушыларды қабылдауға дайындығын тексерді. Еске сала кетейік, аталған білім ошағының құрылысы 2016 жылдың тамыз айында басталды. Құрылысқа жауапты «РаЗаСтрой» ЖШС болса, заманауи жабдықтармен қамтылған типтік үлгідегі мектептің жалпы құны 800 млн. теңге. Бұл білім ордасында 105 оқушы бұрын Пугачев ауылына тасымалмен оқып жүрген бұрынғы Аралтал шағын ауданының балалары, 11 оқушы Пепел ауылынан және 32 оқушы Березов пен Бестау ауылдарынан жаңа Аралталға көшіп келген балалар оқитын болады. Мектеп жанында балабаша жұмыс жасайды. Облыс басшысының орнбасары мектептің жабдықталуын тексеріп, спорт залы мен асханасында болып, балаларға жасалған жағдайға оң бағасын берді.
Одан соң Ғабидолла Абдоллаұлы Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ-1» ықшамауданында орналасқан №9 «Наурыз» бөбекжайына барды. Кішкентай бөрліліктерге жасалған жағдайды көзбен көріп, бөбектердің ұлттық салт дәстүрге көңіл бөліну керек деп аап өтті. Психология кабинетіне арнайы бас сұққан Ғабидолла Абдоллаұлы тіл мүкістігі бар балалармен жасалатын жұмыстың жүйелі болуын сұрады. Әсіресе балалардың домбыра үйренуіне көңіл бөлу қажеттілігін түсіндірді. Бөбекжайдағы 16 топтың барлығы да интерактивті тақтамен қамтылып, соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталған. Бөбектердің интелектуалдық даму алаңы, құм терапиясы, сенсерлық экранда сурет салу, балалардың саусақ моторикасын дамыту үшін барлығы бар.
Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың жұмыс сапары бөрліліктердің мақтанышы «Қарашығанақ» спорт кешенінде жалғасты. Мұндағы 400 бала спорттың 17 түрінен тұрақты айналысады. Мәртебелі мейман 1200 көрерменге арналған орындығы бар футбол алаңын көрді. ФИФА стандарттары бойынша жасалған алаңдағы жүгіру жолыда жаңа технологиямен ал, төрт жүз метрлік жол спортшылардың жүгіруіне ыңғайлы болуы үшін арнайы жасалған. Мұнда футбол алаңынан бөлек, күрес, бокс, жеңіл атлетика, гимнастика залдары, ал сыртқы алаңда тенис пен баскетбол алаңы бар. Ғабидолла Абдоллаұлы әр алаңда болып, оқушылармен тілдесті. Өздеріне жасаған жағдайдан нәтиже шығарып, ел үмітін ақтар чемпиондардың шығуын тіледі. Бөрлі өлкесі жауырыны жерге тимеген палуандары мен әлемдік аренада жеңіс тұғырынан көрініп жрген спорт саңылақтарымен мақтана алады. Соның бірі Көлбай Темірлан. Байрақты бәсекелерде аудан, облыс намысын қолдан бермей жүрген Азия чемпионы Көлбай Темірланның өз жеріне келіп, балғын спортшыларды тәрбиелеуі жастарға үлкен мотивация десті, басшылар.
Одан соң басшылар өңірдегі қайта жөндеуден өткен «Өнер мектебіне» бас сұқты. 1989 жылы салынып, содан соң жөндеу көрмеген ғимарат заман талабына сай қайта жаңғырды. Қаңтар айының аяғында ғимараттың жөндеу жұмыстары аяқталады. Дегенмен мұнда балалар тәлім-тәрбие алуда. Айта кету керек аталған нысандардың барлығы да ҚПО б.в. компаниясының өңірдегі әлеуметтік жобасы болып табылады.
Облыс басшысының орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов одан соң аудан әкімдігінде әлеуметтік сала мамандарымен кездесті. Кездесу барысында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мереке Ізтілеуов осы жылы меценаттардың көмегімен жүзеге асырылатын 10 жобаның ізімін ұсынды. Оның ішінде Ақсай қаласындағы «Наурыз» саябағын абаттандыру, жайластыру, Streetworkout» спорт алаңын салу, Александров ауылы аумағындағы алма бағын қайта қалпына келтіру, Бумакөл ауылының шағын саябақ орналастыру, Бөрлі ауылындағы Жеңіс саябағын абаттандыру және суармалы плантациялар салу және жайластыру, Киров ауылына волейбол салу, Приурал ауылында Орал өзені боында жазғы демалыс арнын жайластыру, Пугачев ауылында саябақ салу, Жаңаталап ауылындағы кітапхна мен дәрігерлік пунктінің ғимаратын қоршау жобалары бар. Айтылған жобаларға оң бағасын берген Ғабидолла Абдоллаұлы, қазақстандықтар кең тыныспен қабылдағын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әңгіме өрбітті. Әлем елдерінің озық тәжіриберелерінен үлгі келтірген ол, жаһандану заманына бет алған жаңа Қазақстанның жарқын келбетін жиналғандарға айтып берді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы осыған дейін жасалып келе жатқан ізгі істерді бір қалыпқа салып, жүйелендірді. Соның ішінде меценаттардың жұмысын ір бағытқа салды. «Атамекен» кіші бағдарламасындағы аясында елімізде әлеуметтік жобалар қолға алынды. Сананы жаңғыртып, ұлттық кодымызды қалыптастыратын істер жетіп артылады. Дегенмен біз жас ұрпақтың өз тілін, дәстүрі мен мәдениетін құрметтеп, тарихын танып білуге күш жұмысауымыз керек. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалана біліу қажеттілігі туындады. Мектепте домбыра сабағын ашу арқылы біз әр баланың жүрегіндегі патриотизмді оятамыз», деп атап өтті Ғабидолла Оспанқұлов.
Одан соң мәртебелі мейман, Бөрлі ауданына қарасты Бөрлі мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өткенннен кеінгі жағдайымен танысып және қызметкерлермен тілдесіп, мәдениет үйінің гүлденуін тіледі.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар