7.09.2018, 11:08
Қараулар: 28
Асық атудан жарыс

Асық атудан жарыс

Ақсайда ардагерлер арасында қазақ халқының көнеден келе жатқан асық ату, бес тас сынды ұлттық ойын түрлерінен жарыс өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Ақсай жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға ауыл окургтерден келген 20 жуық ардагерлер қатысты..

Дәлдік пен қырағылықты талап ететін ойын тартысты өтті. Асық ату ойнына өздерімен бірге  немерелерін жетелей келген ақсақалдар да болды.Осылайша олар 1 метр қашықтықтан көздеп ату бойынша ақсақалдар бір алаң,балалар бір алаң болып бақ сынасты. Ардагерлер арасынан мергендігімен алға шығып, 1 орынды қанжығалаған Ралиев Есенгелді ақсақал болса, 2 – 3  орындарды Күшекбаев Есенқұл мен Салихов Самиғолла атты ақсақалдар иемденді.

Асық ойнауға құмартып келген балалар арасындағы жүлдегерлерді атар болсақ, 1 орынды Нығметжан Бексұлтан иеленсе, 2-3 орындарды  Каракулов Ринат және Умбеталиев Темірлан місе тұтып, «Ақсай жастары» қоғамдық бірлестігінің дайындаған арнайы сыйлықтары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Сәнім МЕНДІБАЙ

Қалдыру жауабы бар