26.06.2018, 10:55
Қараулар: 17
Астана – елімнің құт мекені

Астана – елімнің құт мекені

Астана қаласының 20 жылдығына орай ауданымыздың көркемөнерпаздары Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында концерт қойды. «Астанаға сәлем!» аталған шараға Орал қаласының тұрғындары мен қала қонақтары көп жиналды.

Шара Қазақстанның тәуелсіздігі мен табысының бас символы боп табылатын қаланы әрі қарай қарқынды дамытып, ұлттың рухани жаңғыруын, тұтастай алғанда бүкіл Қазақстанның табысты дамуының қозғалтқыш күші ретіндегі Астананың ерекше мән-маңызын баса көрсетуді мақсат етті. Концерттік бағдарлама үш блоктан тұрды. Онда барша өнерпаздар этностильде ұлттық нақышта қазақ болмысын, қазақ даласын бейнеледі. Әнші-термешілер М.Бақтығұлов, М.Бірәнов, Т.Жүпиев, Ж.Шүгірова мен К.Бұлғановтар қасиетті домбыра үнімен «Астанаға сәлем» әнін орындаса, «Ақ жаулықты әжелер» халықтық ансамбілі, ардагерлер хоры мен «Назерке» үлгілі би ұжымыда оралдықтарға өнер көрсетті. Екінші блок балалар Астана қаласында туған жерге, Отанға өз арнауларын арнады. Ал үшінші блокта ауданымыздағы күміс көмей әншілері, мың бұралған бишылері Астана қаласына, туған жерге еген өздерінің ыстық лебіздерін әндерімен, билерімен жеткізді. Концерттік бағдарламада оралдық көрермен тамаша әсер алып, қошеметтерін ыстық шапалақтарымен білдіріп жатты.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар